Қазақстан футбол федерациясы «Спорт баршамызға - 2018» атты қайырымдылық фестиваліне қолдау көрсетті

Астанада Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионда «Спорт баршамызға - 2018» атты қайырымдылық фестивалі өтті. Шараны «Таза ниет - Астана» қоғамдық қоры ұйидастырды.

Балаларды қорғау күніне орай қатарынан екінші жыл ұйымдастырылған фестиваль Астанада тұратын мүмкіндігі шектеулі балалар үшін ерекше жаттығу шарасына айналды. Фестивальге 200-ден астам бала қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, арнайы әзірленген жаттығулар мен әдістемелер бүлдіршендердің дене даярлығын жақсартуға көмектеседі.

Қоғамдық қордың жетекшісі Бану Ысқақова «Спорт баршамызға - 2018» атты қайырымдылық фестивалі балалардың кәсіпқой футболышлармен бірге спортпен шұғылдануына мүмкіндік беретінін айтады Осының арқасында олардың спортқа деген махаббаты арта түседі.

Шараның ашылу салтанатына Қазақстан футбол федерациясының Бұқаралық, әйелдер футболы және футзал департаментінің директоры Ерлан Жамантаев қатысты. «Астана» футбол клубының ойыншылары Серікжан Мужиков, Евгений Постников, Станислав Павлов және Марин Томасов балаларға футболдың қыр-сырын үйретті.