Қазақстан футбол федерациясы С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ турнирінің жеңімпаздарын марапаттады

Бүгін Астанада С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде студенттер арасында өткен футбол турнирінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі  өтті.

Сегіз айға созылған жарыс екі топқа бөлініп, жалпы саны 47 команда қатысты. Факультеттер арасында бірінші орынды «Грант Тех» командасы иеленсе, жатақханалар арасында «Биік» командасы топ жарды.

Марапаттау рәсіміне Қазақстан футбол федерациясы Президентінің кеңесшісі Сейілда Байшақов, Бұқаралық, әйелдер футболы және футзал департаментінің директоры Ерлан Жамантаев, Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкерінің көмекшісі Қайрат Нұрдәулетов, «Астана» футбол клубының ойыншылары Сергей Малый, Александр Мокин және Марко Станоевич қатысты.