Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-14) қатысқан «Даму Кубогы - 2018» аяқталды

Турнир 9-17 сәуір аралығында Арменияда өтті.

Армения астанасы Ереванда біздің құрама бес ойын өткізді. Алғашқы кездесуде Арменияның екінші құрамасымен 2:2 тең түсті. Пенальти сериясында алаң иелерінің жолы болды.

Екінші кездесуде Кирилл Морунов шәкірттері Беларусь құрамасынан 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Кейін біздің жасөспірімдер Иран футболшыларынан ұтылды. Есеп – 0:4.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы төртінші матчта жеңіске жетті. Бұл жолы Арменияның бірінші құрамасымен жолыққан еді. Ойын 4:2 есебімен аяқталды.

Жарыстың соңғы күні біздің ойыншылар Македониямен кездесіп, 1:2 есебімен есе жіберді.

Ойын нәтижелері:

10 сәуір – Армения U-14 (2) – Қазақстан U-14 – 2:2

11 сәуір – Қазақстан U-14 - Беларусь U-14 – 0:1

13 сәуір – Иран U-14 – Қазақстан U-14 – 4:0

14 сәуірҚазақстан U-14 – Армения U-14 (1) – 4:2

16 сәуір – Македония U-14 – Қазақстан U-14 – 2:1

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының (U-14) тізімі:

Қақпашылар: Сариев Азамат, Ерден Асылзат (оба - «Қайрат»);

Қорғаушылар: Аcқаров Сұлтан, Жақсылықов Нұрәли (екеуі де - «Астана»), Иванов Сергей, Оразбек Әмірәли, Ахмедов Аслан, Рахимов Шамиль, Әбішев Сұлтан, Досанов Нұрбақыт (барлығы - «Қайрат»);

Жартылай қорғаушылар: Темірғали Әмір, Аль-Хадж Назар (екеуі де - «Қайрат»), Тұратов Аман («Шахтер»), Көбеев Мирас («Астана»);

Шабуылшылар: Тоқтыбай Мағжан, Мақсатұлы Нұрзат (екеуі де - академия «Оңтүстік»), Труфанов Ян, Мұхит Әліби, Попов Сейф (барлығы - «Қайрат»), Ермолаев Влад («Шахтер»);

Аға жаттықытуршы - Морунов Кирилл Сергеевич, аға жаттықтырушының көмекшісі - Гулик Максим Александрович, қақпашылардың жаттықтырушысы – Шайхесламов Ильдар Равильевич, дәрігер – Переход Андрей, менеджер – Оралов Дінмұхамед Тимурұлы.