Таразда «Алға, футбол! Алға, Qazaqstan» стратегиясы талқыланды

16 сәуір күні «Тараз» футбол клубының баспасөз орталығында басқосу өтті.

«Алға, футбол! Алға, Qazaqstan» деп аталатын отандық футболдың жаңа концепциясын талқылауға аймақтық футбол федерациясының мүшелері, Жамбыл футболының ардагерлері, футбол клубтары мен футбол орталықтарының жаттықтырушылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесуде Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Сейілда Байшақов баяндама жасап, сөз сөйледі. Еліміздегі футболды дамытудың жаңа жоспарын Бақыт Сарыбаев, Георгий Хутиди және басқа да футбол ардагерлері қолдады.