Астанада әуесқойлар арасында қысқы чемпионаттың жеңімпаздары анықталды

«Қыс-2018» маусымына қатысқан командалардың саны – 72. Оның ішінде 8 команда ардегерлерден құралды.

Турнирге қатысушылар бес дивизионды жеңімпазды анықтады. Сонымен қатар, ардагерлер арасында жарыс ұйымдастырылды.

Ең жоғары дивизионда «Бірлік» командасы чемпиондық атағын қорғап қалды. Жарыс қорытындысы бойынша үздік футболшылар марапатталды. Марапаттау рәсіміне Қазақстан футбол федерациясының бұқаралық, әйелдер футболы және футзал департаментінің директоры Ерлан Жамантаев қатысты.