Қызылорда қаласында Батыржан Шалғынбаев атындағы дәстүрлі турнир аяқталды

22-ші ұйымдастырылған жарысқа 16 команда қатысты.

Қызылорда қаласында жауынгер-интернационалист Батыржан Шалғынбаев атындағы дәстүрлі турнир мәресіне жетті. Жарысқа қатысқан 16 команда қатысты. Оңтүстік Қазақстан облысынан үш, Маңғыстау облысынан бір команда келді. Қалғаны Сыр өңірінен. Турнирдің бас жүлдесін қызылордалық «Азамат» командасы жеңіп алды.

Турнирдің үздік ойыншылары:

Қақпашы – Кирилл Ермолаев («Ынта»),

Қорғаушы – Қанат Жұмабеков («Азамат»),

Шабуылшы – Андрей Шлема («Зенит»),

Үздік сұрмерген – Дмитрий Давыдов («Олимпик»), 

Үздік ойыншы – Нұрәлі Байдолла («Азамат»).       

Турнир қорытындысы:

1 орын – «Азамат»

2 орын «Зенит»

3 орын «Ынта»

4 орын «Олимпик»