Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің отырысы өтті

Астанада Қазақстан футбол федерациясының президенті Сейілда Байшақовтың басшылығымен Атқарушы комитеттің отырысы өтті. Жиында келесі шешімдер қабылданды. 

Алматы қаласындағы «Қазақстанның футбол федерациясы» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің директоры болып Әбдіхалық Базарқұлов тағайындалды. Сонымен қатар, ҚФФ ұйымдастыратын жарыстар мен УЕФА-ның клубтық турнилеріне қатысу үшін Қазақстан Республикасының футбол клубтарын сертификациядан өткізу ережелеріне, қаржылық «Фэйр-Плей» ережесіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.