Қазақстан қыздар құрамасы УЕФА Даму Кубогына дайындалуда

Біздің құрама  15-17 тамыз аралығында Беларусь астанасы Минскіде өтетін УЕФА Даму Кубогына қатысады.

17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Астанада оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Біздің құрама  15-17 тамыз аралығында Беларусь астанасы Минскіде өтетін УЕФА Даму Кубогына қатысады. Халықаралық турнирде қазақстандық футболшылар Черногория (16 тамыз) және Беларусь (17 тамыз) құрамасымен ойнайды.

Оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылардың тізімі төмендегідей:

Қақпашылар: Назым Исмаилова, Аружан Оразбекова;

Қорғаушылар: Александра Бурова, Фаиза Исмаилова, Назерке Шалмұқанбетова, Ақниет Бегдайырова, Алина Берікова, Меруерт Болатбек;

Жартылай қорғаушылар: Сурая Шамсудинова, Әсемгүл Аруова, Анастасия Братченко, Алина Шалмұқанбетова, Аида Артықбай, Ақнұр Құрманғазина, Айя Шолақова, Әсел Көбесова;

Шабуылшылар:  Жансұлу Хәмзе, Лейла Садықова, Эльвира Нарбек, Батия Рейзел Багулли.

Жаттықтырушылар штабы: Орынбасар Дәуренбекова - аға жаттықтырушы, Абдуваит Юлдашев - аға жаттықтырушының көмекшісі, Рамиль Хамитов - қақпашылардың жаттықтырушысы, Сәуле Қадырбаева - дәрігер, Анастасия Журавлева -  менеджер.