Қазақстан әйелдер құрамасы өз тобынан бірінші орынмен шықты

​​​​​​​2019 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу кезеңінің соңғы ойынында Қазақстан әйелдер құрамасы Эстония футболшыларын ұтып, келесі айналымға жолдама алды.

Грузия астанасы Тбилисиде өткен ойын 1:0 есебімен біздің футболшылардың жеңісімен аяқталды. Кездесу тағдырын шешкен жалғыз голдың авторы - Юлия Николаенко. Ол ойынның 62-минутында мергендік танытты.

Бұл нәтижеден кейін Қазақстан құрамасы жеті ұпай жинап, өз тобында бірінші орынға ие болды. Бас бапкер Айтпай Жамантаевтың шәкірттері Әлем Чемпионатының негізгі іріктеу кезеңіе қатысатын болды.

Негізгі іріктеу кезеңінің жеребесі 25 сәуір күні Швейцарияның Ньон қаласында тартылады.  Шешуші ойындар 2017 жылдың 11 қыркүйегінде басталып, 2018 жылдың 4 қыркүйегінде аяқталады.