Футзалдан Қазақстан құрамасы Дания құрамасын ірі есеппен ұтты

Алматыда өтіп жатқан 2018 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңінде футзалдан Қазақстан құрамасы Дания құрамасынан 5:0 есебімен басым түсті.

Бірінші таймда Серік Жаманқұлов, Лео, Михаил Першин және Дуглас гол соқты. Екінші таймда Дінмұхамбет Сүлейменов есепті қорытындылады. 

11 сәуір күні Қазақстан мен  Чехия құрамалары кездеседі. Матч 19:30-да басталады. Ойынды «KAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.