Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) ұлттық құрамамыздың тілеулестеріне арнап «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында жанкүйерлер дүкенін ашты.
Дүкеннен спорттық және күнделікті тұрмыстық киімдер, ҚФФ-ның логотипі бар жанкүйерлер атрибуттарын және «12 ойыншы» арнайы киімдер үлгілерін табуға болады.
Күртешелер, спорттық костюмдер, кеудешелер, футболшыларға арналған ойын формасының жиынтықтары, футболкалар, мойынорағыштар – бәрі де жоғары сапалы, әрі қол жетімді бағада сатылады.
Дүкеннің мекен жайы: Астана қаласы, Тұран даңғылы 37, «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығы, 1-қабат, 030 бутик («Меломан» дүкенінің жанында).
e-mail:12store@kff.kz
Қазіргі таңда осы электронды басылымда жанкүйерлерге арналған ғаламтор-дүкенін ашу жұмыстары жүргізілуде. Аңдатпаларымызды жіберіп алмаңыздар.




























