11 ақпанда футболдан Алматы кубогі 8х8 ардагерлер додасының 1-ші туры өтті.
Ақпанның 11-інде Алматы қысқы додасының 2012 жылғы біріншілігі аяқталды. "ҚазҰАУ" стадионында өткен ақтық сында біріншіліктің былтырғы жылғы жеңімпазы "Алматытелеком" мен Бірінші лига өкілі "ЦСКА" кездесті.
Жоғарғы лига командаларының арасында КСРО спорт шебері Серғазы Рымбаевты еске алуға арналған дәстүрлі 8-ші турнир өз мәресіне жетті. турнирге 10 команла қатысты. Өткен жылғы жаңа жылдық доданың жеңімпазы "СГПИ - 1" командасы "Спартак" футболшыларынсыз ойнап, ширек финалдан ұшып кетті. Финалда дәл қазіргі таңдағ ең мықты екі команда - "Қазмұнайгаз" бен НСК" кездесті. Бұлар топтық кезеңде де өзара кездескен. Ол матч 3:3 есебімен итжығыс болып аяқталған еді. Финалдық матч та 3:3 есебімен аяқталды. Нәтижесінде матч соңындағы пенальтиге кезек беріліп, сәттілік мұнайшылар жағында болды. Дегенмен, ойын кезінде бас бапкер Қазбек Айтқазынов бастаған "НСК" қарсыласына қарағанда қарымды ойнады. Бірақ "Қазмұнайгаздың" «Ұшқын-Искре» клубында өнер көрсететін Қуат Қаржаубаев, Қуат Молбаев және Александр Богомоловсынды тәжірибелі саңлақтары жеңісті қолдан жұлып әкетті. Турнирдің үздік ойыншысы ретінде кезінде "Цементник" командасында өнер көрсеткен Қуал Молбаев танылды.
«Қарағанды областық футбол қауымдастығы» ЗТБ аясында Қарағандыда шағын футболдан қала біріншілігі жалғасуда.
Ақтауда футзалдан қала біріншілігінің кезекті турында күтпеген есептер де тіркелді.
Қарағанды облыстық футбол қауымдастығы» заңды тұлға бірлестігінің аясында Балқаш қаласында 28 ақпаннан бері футзалдан ҚФК арасында қала біріншілігі өтуде.
Ақтөбе қаласында "Ақтөбе облыстық футбол қауымдастығы" ЗТБ аясында футболдан қар үстіндегі қысқы турнир басталды.
Ақпанның 13-і мен 27-сі аралығында Шымкент қаласында ІІ-ші дәстүрлі "Үміткер" турнирі өтеді. Бұл додаға шақырту бойынша премьер-лига және бірінші лига командаларының дубльдік құрамдары қатысады.
Ақтауда футзалдан қаланың ашық біріншілігі басталды
2012 жылдың 27 ақпанында Талдықорғанда аймақтық біріншілік пен шағын футболдан ҚФК жоғарғы лигасы, бірінші лигасы және ардагерлер лигасы басталды.









