Қазақстанның футбол федерациясы
s
UEFAFIFA

Қазақстанның футбол федерациясы

Қазақстан матчтан соң

Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерінің матчтан кейінгі пресс-конференциясы.

 


Матчтан соң.

«Астана – Арена» стадионының пресс-орталығы лық толып, Мирослав Беранекті қошеметпен қарсы алды...

Мирослав Беранек, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері:
«Қошеметтеріңізге рахмет, бірақ бұның барлығы ойыншыларға арналған деп санаймын. Өйткені, олар өздерінің европалық квалификациядағы соңғы іріктеу матчын қошеметке лайықты етіп ойнады. Австрия бундеслига ойыншыларымен шықты, оның қандай дәреже екенін өздеріңіз де білетін боларсыздар. Осы матчта жеңуіміз де, жеңілуіміз де мүмкін еді. Қорытынды тең есеп – әділ нәтиже. Бірінші таймда, көбінесе, орталық алаңда ойнауға тырыстық, екінгі таймда алаң шеті арқылы алға ұмтылу дұрыс деп шештік. Мүмкіндіктер болды – қолданбадық, ал соңында гол жіберіп қоя жаздаған да сәтіміз болды. Қайталап айтайын, тең есеп алаңдағы күш теңдігін айқындайды».

- Сіз неге Логиновскийді Белгиямен матчтан кейін алып тастадыңыз?

- Ол Брюссельде зақым алған, бірақ біз оның бүгінгі матчқа да шығатынына сенімді болғанбыз. Дегенмен, бүгін түстен кейінгі бой жазудан соң, өзінің 100% дайын еместігін айтты. Алаңға шыққысы келгенімен, жарақаты мүмкіндік бермеді.

- Команданың бір әлсіз тұсы – оң жақ қорғаушының орны. Келесі іріктеу шеңберіне осы орынға басқа ойыншы алынуы мүмкін бе?

- Ойын сапасы Ұлттық команда деңгейіне сәйкес келетін барлық үміткерлерді қарастыратын боламыз. Әңгіме тек сіз айтқан позиция жайында емес.

- Матч кезінде Гурманды алмастыруға не себеп болды?

- Гурман зақымданып қалды. Қатты шаршап, бізге өзін алмастыру керектігін сездірді.

- Қазақстан құрамасы ойыншыларының шабуылдың соңғы сәтін іске асыру дәрежесін қаншалықты бағалайсыз?

- Біз алдында бір немесе екі рет ғана ыңғайлы сәттің болуы мүмкіндігін және оны құр жібермеу керектігін айтқанбыз. Бірақ іске аспады. Доп қақпа маңдайшасынан қайтатында шынайы мүмкіндік туған болатын, дегенмен шеберлік жетіңкіремей қалды.

- Үзілісте ойыншыларға қандай сөздер айттыңыз? Біздің жігіттер мүлдем өзгеріп кеткендей...

- Біз психологиядан гөрі тактика жөнінде көбірек айттық... Мен Киров арқылы ойнауды ұсындым. Соның жағынан мүмкіндік бардай көрінді. Гридин мен Остапенко позицияларын біраз өзгертті. Өткірдің жүзінде Гридин қалды. Ал Остапенко «тереңдей» түсіп, бір есептен екінші план шабуылшысының ойынына көшті. Біздің стандарттарымызға менің көңілім толмады. Біз «үй дайындықтарын» жасаған болатынбыз, бірақ, өкінішке орай, оларды іс жүзінде көре алмадық.

- Көкеев пен Нөсербаев неге алаңға шықпады?

- Екі матчта екі түрлі құрамды байқап көрдік. Бельгиямен болған матчтан тек Рожковты, Киров пен Мұхтаровты ғана алдық. Эстондық арбитр британдық мәнерде төрешілік етті – доп үшін күресуге, ерлерше күшін танытуға мүмкіндік жасады. Бұл стиль Көкеев үшін де ыңғайлы екенін білемін. Ал Нусербаев жарақаттанып, бұл матчқа дайындыққа қатынаспады.

- Матч соңында біраз күш қосып, қарсыласты қысыңқырап тастау керек еді. Матч барысын өзгертіп, шабуылды күшейтетін етіп ойыншы алмастырмадыңыз ба?

- Біздің екі шабуылшымыз да өте жақсы ойнады, басқа ойыншылар олардан асып түсер деп ойламаймын.

- Марат Шахметовтің ойынға кіруге дайындалғанын көрді, бірақ ол соңына дейін алаңға шықпады...

- Оны алмастырғанмен, бұл тек тактикалық мәнге ие болар еді. Біз Хайруллинди алмастыруымыз мүмкін болды, бірақ қайталайын, бұл тек тактикалық алмасу ретінде ғана әсер етер еді.

- Азат Нұрғалиевтің бірінші таймдағы ойынын бағалап өтсеңіз.

- Ол біз ойлағандай ойнай алмады. Оған мықты футболшы – Фукс қарсы шықты. Азат оның барлық жолын жауып тастайды деп үміттенгенбіз, әйткенмен үмітіміз ақталмады.

- Сіз қалай ойлайсыз, біздің команданың жалпы жағдайы бір ойыншының – Генрих Шмидтгальдің жағдайына бағынышты болып калған емес пе?

- Мен олай деп ойламаймын. Бізде бүтін команда, ал Генрих – оның бөлшегі ғана. Маңызды бөлшегі. Ол Германияда үлкен тәжірибе жинақтаған. 1-інші бундеслигада болмаса да, оның командасы екінші дивизионның алдыңғы орнында келе жатыр. Бундеслига ойыншыларынан көп нәрсе үйренуімізге болады.

- Ұлттық команда әлем Чемпионатының іріктеу сындарына дайындықты бастады ма?

- Мен бұл сұраққа жауап бергім келмейді. Бүгін бізде Қазақстан – Австрия матчынан кейінгі пресс-конференция.

- Шетелдік бапкерлер мен мамандар Қазақстан құрамасының ойынын бағалағанда, көбінесе, олардың «орысша» футбол ойнайтынын, көңіл-күй жағдайына басым бағыт беріп, ойыншылардың техникалық дайындығы жайына аса назар аудармайтынын баса айтып жатады. Бірақ бүгін біршама комбинациялардың құрылым жинақтарын көрдік, футболшылар тығыз ойнап, жақын тартысты бәсекелестікте қарсыластарына доп бермей жатқанын тамашаладық. Сіз арнайы ойыншылардың «мектебіне» жұмыс істедіңіз бе? Команданы соншалық аз уақыттың ішінде жандандыру үшін қандай қадамдарға бардыңыз?

- Қазақстанда техникалық футбол ойнауға қабілетті ойыншылар бар деп санаймын. Бірақ көп нәрсе қарсыласқа да байланысты. Әр жолы мықты қарсыласпен жолыққан сайын, шеберлік те арта түседі. Біздің ішімізде тек Генрихте ғана үнемі сондай тәжірибе бар. Бірақ нәтиже осында және қазір керек. Австрияның бапкері Арнаутович деңгейіндегі: допты қабылдап да, беріп те, салып та, т.б. білетін ойыншыларды сұрыптап, таңдап алуға мүмкіндігі бар. Маған ең маңызды міндеттерді іске асыратын жоғарғы сапалы 20 ойыншы керек. Бірақ менде ол жоқ. Не істемек керек? Үйрету, қайталай үйрету, түсіндіру, дайындау.

- Бүгінгі ойын мен нәтижеге қанағатсыз ба?

- Егер сіз байқаған болсаңыз, бұл гол жібермеген алғашқы матчымыз. Ешкімді алаңнан қумады, бізге пенальти «белгілемеді». Мен бұған қуаныштымын. Сенімді қорғаныс өте маңызды. Ол ойынды құрастырғанда серпіліс береді. Біз артта ақылмен, жинақы түрде ойнадық. Белсендірек ойнауға болады, бірақ тек барлығы бірге. Бұл еңбекпен қол жеткізген тең есеп екенін айтып отырмын. Біз өз мүмкіндіктеріміздің кемерінде ойын көрсеттік.

- Қазақстандағы жұмыс кезінде жетістікке жеттім деп ойлайсыз ба?

- Өз жұмысыма өзім баға бергенім келіспес. Ол үшін сіздер секілді тәжірибелі тілшілер бар. Өткен жылғы жағдай мен қазіргі жағдайдың айырмашылығын бағамдай аласыздар. Менің ойымша, бір қадам алға жылжыған секілдіміз. Тағы да жылжи аламыз. Бірақ ең маңыздысы, ойыншылардың өздерінің алға жылжып, дами алатындығына көздері жеткендігі. Біздің фитнесс-коучтың ойыншыларымыздың нәтижесін арттыруға көмектескеніне қуаныштымын. Менің ойыншыларым бағытын мен бағдарын анықтап алған.

- Матч жанкүйерлеріне көңіліңіз толды ма?

- Иа, өте керемет болды. Трибуналар толық толып, ойыншылардың мерейін тасытты.

- Австрия құрамасының шет жақтағы ойыншылары үнемі орындарымен алмасып ойнады. Біздің ойыншылар бұны бүгін жасамады. Қалсыласты шатастыру үшін осы тәсілді қолданғанымыз дұрыс болар ма еді?

- Мен олардан өз аймақтарында ойнауын сұрадым. Мұжықов екі шетте де ойнай алады, Ал Шмидтгальдің сол жақта болғаны пайдалырақ. Көп нәрсе жұппен ойнағанға байланысты. Мысалы, Көкеев пен Қонысбаев жұп құрап шықса, олардың орын алмасуы оңай.

- Мамандар бүгінгі матчтың орталық қорғаушыларына Мұхтаров пен Логвиненко шығады деп жобалаған боатын. Екіншісін неге көрмедік?

- Логвиненко жарақаттанған.

- Қазақстанда Ұлттық құрама сапында кейбір позицияларға, соның ішінде орталық қорғаушы позициясына квалификациялық футболшылар жетіспейді деген тезис естілуде. Бұған қандай шаралар қолданылуда?

- Бұл Ұлттық құраманы дамыту жоспарына кіретін шаралар, бүгінгі пресс-конференцияның тақырыбына сай емес секілді.

- ҚФФ басшылығы бүгінгі матч жөнінде пікірін білдірді ме?

- Матчтан соң қанша уақыт өтті өзі? (сағатына қарайды) Әзірге тек жақсы ойын көрсеткеніміз үшін құттықтады.

- Бір сұхбатында Германия құрамасының бапкері Йоахим Лев Қазақстан Әзербайжаннан күштірек деген пікір айтты. Бұл жайында не ойлайсыз?

- Бұл Германич құрамасы бапкерінің пікірі. Бірақ кестеге қарар болсаңыз, Әзербайжанның күштірек екенін көресіз. Өйткені бұл рейтингтің 5-інші дорбасында, 6-ншыдамыз. Менің ойымша, айырмашылық болса да, онша көп емес.


Пресс-конференцияның соңы тағы да қошеметке ұласты…


 


Жаңалықтар

Сауалнама

Спорттың қай түрі сізге қызықтырақ?

Демеушiлер

Әрiптестер
Счетчики


© 2012 «Қазақстанның футбол федерациясы»
Сайттағы материалдарды қолданғанда, авторымен қоса сілтеме міндетті түрде сілтеме жасау керек
© 2011 Сайтты қолдау:
АГС «SPORTS.KZ»