Қазақстанның футбол федерациясы
s
UEFAFIFA

Қазақстанның футбол федерациясы

Жолшиев және «Газ-Метан»

Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жүрген «Тобыл» тағы да жеңіске жетті. Бұл жолы жерлестеріміз Румынияның Медиаш қаласының намысын қорғайтын «Газ Метан» клубын тізе бүктірді.
 


Айта кетейік, 2011 жылы "Газ Метан" Еуропа лигасының топтық кезеңіне өтуге бір қадам қалған. Сол кезде бұл ұжым қостанайлық футболсүйер қауымға жақсы таныс Венаның "Аустрия" клубынан жеңілген болатын. Бүгін кешке румындық клуб қазақстандық ұжымнан жеңілді.

Алдымен қарсыластар есеп ашты. Дегенмен "тобылдықтар" көп ұзамай-ақ есепті теңестіре алды. Өткен ойындағыдай бұл матчта да Бауыржан Жолшиев гол соқты. Екінші таймда жерлестеріміздің шабуылдарының соңы тағы бір голға ұласты. Бұл жолы Игорь Бугаев тура соққы жасады. Ал голға айналған әдемі пасты тағы да сол Жолшиев шығарған еді. Сөйтіп молдовалық легионердің соққан голы командаға жеңіс әкелді.

Енді 10 ақпанда "Тобыл" Болгарияның "Локомотивіне" қарсы жолдастық кездесу өткізеді.


fc-tobol.kz


Жаңалықтар

Сауалнама

Спорттың қай түрі сізге қызықтырақ?

Демеушiлер

Әрiптестер
Счетчики


© 2012 «Қазақстанның футбол федерациясы»
Сайттағы материалдарды қолданғанда, авторымен қоса сілтеме міндетті түрде сілтеме жасау керек
© 2011 Сайтты қолдау:
АГС «SPORTS.KZ»