Андорра - Қазақстан 1 - 3
Қазақстан құрамасы 2010 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы кезекті матчын Андоррада жергілікті құрамаға қарсы өткізіп, 3-1 есебімен жеңіске жетті. Біздің команданың сапынан көзге түскен өскемендік Сергей Хижниченко. «Востоктың» шабуылшысы өзінің ұлттық құрама сапындағы алғашқы екі голының авторы атанды. Сондай-ақ бұл кеште Руслан Балтиев өзінің 13 голын соғып, команда тарихындағы үздік футболшы атағына ие болды. Қазақстан құрамасының бұл іріктеу кампаниясындағы соңғы екі ойыны қазан айында өтеді. 10 қазан күні бізді сырт алаңда Беларусь құрамасымен кездесу күтіп тұрса, 14 қазан күні Астанаға Хорватия құрамасы келеді.
АНДОРРА – ҚАЗАҚСТАН 1:3 (0:3)
Голдар: Хижниченко 14 (0:1), Балтиев 28 пенальти (0:2), Хижниченко 34 (0:3), Сонезе 69 (1:3)
Ескерту алғандар: Виера 16, Хижниченко 68, Киров 77, Морено 88
АНДОРРА: Гомес, Айала, Бернаус, Сонезе, Валес (Эскура 45+1), Лима, Мартинес, Виера (Риера 87), Силва, Хименес (Тоскано 54), Морено
Қосалқы құрамда: Андорра, Альварес, Месиас, Гарсиа
ҚАЗАҚСТАН: Мокин, Киров, Абдулин, Кислицын, Карпович, Аверченко, Хижниченко (Эрбес 90), Балтиев, Көкеев (Нұрғалиев 87), Логвиненко, Финонченко (Скорых 77)
Қосалқы құрамда: Фомичев, Шевченко, Малинин, Григоренко
Төреші: Туснье (Люксембург)
9 қыркүйек. Андорра-Ла-Велья. «Эстадио Комунал»









